Шымкентте кезекші ХҚО жұмысын қайта бастады

55

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалы елдегі шектеу шараларының жойылуына және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты кезекші ХҚО-ның жұмысын қайта жаңдандыру туралы шешім қабылдады.

Енді Мәделі Қожа көшесі, 1/16 мекенжайында орналасқан ХҚО-ның №1 бөлімі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Қаланың қалған ХҚО – лары жұмысын әдеттегі кесте бойынша ДС-ЖМ сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жалғастырады.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік бажды Homebank және Kaspi қосымшаларындағы QR-код арқылы төлей алады.