Тұмау және ЖРВИ аурушаңдығының,эпидемиологиялық жағдайы және алдын алу туралы Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары Тұрымбетова Айгүл баяндады.
Шымкентте былтыр 19 468 жағдай жедел респираторлы вирусты инфекциялары тіркелді, 2020 жылдың салыстырмалы кезеңінде 14946 жағдай тіркелген, аурушаңдық 27,6%-ке жоғарылады. Ауырғандардың ішінде 75,0% 14 жасқа дейінгі балалар құрайды.
2022 жылдың 2 айында 7962 жағдай жедел респираторлы вирусты инфекциялары тіркелсе, 2021 жылдың 2 айында 3404 жағдай тіркелген, яғни аурушаңдық 2,31 есеге жоғарылаған, оның ішінде 70,0%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды.
Сонымен қатар, 2021-2022 жылдардың эпидемиологиялық кезеңінде тұмаудың А түрімен 16 жағдай тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгісі – 6.
Тұмаудың алдын алу мақсатында жергілікті бюджет есебінен қаражат бөлініп, 130000 доза «Гриппол+» вакцинасы тегін егуге алынды. Вакцина жалпы қала халқының 12%-ын қамтуға жұмсалды. Ақылы түрде жұмыс берушінің есебінен 537 адам егілді. Тәуекел топқа жататын медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, алты айдан асқан әлсіреген және жиі ауыратын балалар, балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар мен мүгедектер үйлерінің контингенті, медицина қызметкерлері, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер жоспарланып, егілді.
Қала бойынша эпидемиологиялық кезеңде емдеу профилактикалық мекемелерде тұмау тектес науқастардан 318 сынама алынып, зертханалық зерттеуге тексерілді, тұмаудың А(H3N2) түрімен 16 науқастан оң нәтиже анықталды.
А(H3N2) тұмауының алғашқы белгілері жұқтырғаннан кейін 2-4 күн аралығында пайда болады. Бастапқы кезеңде науқаста мұрын мен тамақтың жыбырлауы, әлсіздік, дімкәстік байқалып, дененің қызуы 39ᵒС-қа дейін көтеріледі. Сонымен қатар, келесі айқын белгілер байқалады:
— бас ауруы, қалтырау;
— жұтынғанда тамақтың ауырсынуы, жөтел (көбінесе құрғақ);
— мұрынның ағуы, бітелуі;
— әлсіздену, ұйқышылдық;
— бүкіл денеде ауырсыну, буын мен бұлшықеттердің қақсауы;
— дененің улану симптомы.
Тұмаудың А(H3N2) түрін КВИ-нан ажырату үшін зертханалық ПТР тест жүргізіледі.
Тұмау мен ЖРВИ – ең кең тараған барлық жұқпалы аурулардың 90%-ын құрайтын тыныс алу жолдарын зақымдаумен жүретін аурулар тобы. Бүкіл әлем бойынша жыл сайын әрбір үшінші адам ЖРВИ-мен ауырады. Сонымен қатар, тұмаумен және ЖРВИ-мен ауырмау үшін салауатты өмір салтын ұстану маңызды: ол үшін дұрыс ұйқы, дәрумендер мен микроэлементтерге бай салауатты тамақтану, физикалық белсенділік, дене шынықтыру және спорт, серуендеу және ашық ауада демалу қажет.
Тұмаудан қорғау және басқаларға жұқтырмау үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет:
— тұмауға қарсы дер кезінде егілу;
— суық тию белгілері бар адамдармен қатынастан аулақ болу;
— адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көлікте болу уақытын қысқарту;
— медициналық маска кию, түшкіргенде ауызды беторамалмен немесе шынтақпен бүркеу;
— тұмау және ЖРВИ белгілерін сезінгенде үйде оқшауланып, медициналық көмекті үйге шақырту;
— қолды сабынмен үнемі және мұқият жуу немесе қолды өңдеуге арналған спиртті құралмен сүрту;
— үй-жайларды ылғалды жинау, желдету және ауаны ылғалдандыру.
Карантиндік шараларды сақтай отырып, әр адам өзін аурулардан қорғауы керек!