Жеңілдетілген автонесие: Дәрігерлер мен мұғалімдерге қосымша жеңілдік жасау көзделген

149

Жеңілдетілген автонесиенің тәртібі бектіліп, ресми шешім шығарылды.

автосалон

Бағдарлама сәуірдің аяғында басталады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің айутынша автонесиелеуде аса өзгерістер болмайды. Ең жоғары қарыз көлемі 10 миллион теңге. Мерзім 7 жылға дейін. Мөлшерлеме 4 пайыз. Көлік Қазақстанда құрастырылған және оның бағасы 15 миллион теңгеден аспауы керек.

Ал алғашқы жарна міндетті емес. Сондай-ақ, көпбалалы аналарға, күштік құрылым қызметкерлеріне, дәрігерлер мен мұғалімдерге қосымша жеңілдік жасау көзделген. 100 миллиард теңге бөлінген бағдарлама ашық және әділ өтуі үшін кезекті онлайн бақылау жүйесі іске қосылады.

Шынар Оразова