Әл-Фараби ауданында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді

86

Әл-Фараби ауданында кезекті сенбілік жұмыстары Жангелдин көшесі аулаларында өтті. Санитарлық тазалық жұмыстары барысында балалар ойын элементтері сырланып, көшелер тазаланды.

Әрі тұрғындарға қолайсыздық туғызатын қураған ағаштар кесілді. Сондай-ақ ауданның басты көшелері бойындағы аялдамалар жуылып, қоқыс жәшіктері ретке келтірілді. Сала ажауаптыларының айтуынша, тазалық шаралары аудан аумағында апта сайын тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Мөлдір Ибадуллаева