Қалада зейнеткерлер саны 82 351 болса, оның ішінде: ҰОС ардагерлері — 12, тыл еңбеккерлері – 2 848, көп балалы аналар («Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған) — 10 653.
8 наурыз «Халықаралық әйелдер күніне» орай «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ардақты ана», сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған 10 364 көп балалы аналарға 149,7 млн. теңге әлеуметтік көмек төленді.
Наурыз мейрамы қарсаңында қаза тапқан әскери қызметшілердің 175 отбасыларына 2,5 млн. теңге әлеуметтік көмек төленді.
7 мамыр Отан қорғаушы күніне орай 2 120 азаматқа, яғни Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер, 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқандар, Семей полигонынан зардап шеккендерге 222,6 млн. теңге әлеуметтік көмек төленді.
9 мамыр Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай 3 417 тыл еңбеккерлеріне жалпы 119,6 млн. теңгеге әлеуметтік көмек төленді.
«31 мамыр – Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнiне» мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргiн құрбандарына, саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккен 1 306 адамға 19,0 млн. теңге әлеуметтік көмектер төленді.
«1 маусым – Балаларды қорғау күніне» 6 081 он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға 88,7 млн. теңге әлеуметтік көмектер төленді.
Ай сайын 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға 129 адамға 2 АЕК-тен (5 834 теңгеден) 6,8 млн. теңге әлеуметтік көмектер төленуде.
Ай сайын В-20 ауруы бар 118 адамға 74,3 млн. теңге әлеуметтік көмектер төленуде.
Ай сайын туберкулез ауруы бар 300 адамға 38,0 млн. теңге әлеуметтік көмектер төленуде.
Тұрғын үйге елеулі зиян келтірілген, бүлінген, жойылған жағдайға ұшыраған, яғни өрт салдарынан үйлеріне зиян келтірілген 4 отбасыға 400 АЕК–тен 4,6 млн.теңгеге (1 166 800 теңгеден) әлеуметтік көмек көрсетілді.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Тореайм Султанова