Úı ANONS Нұржан Қосмамбетовті еске алуға арналған Қазақстан Кубогі басталды

Нұржан Қосмамбетовті еске алуға арналған Қазақстан Кубогі басталды

фото Отырар.кз

 

Бүгін бокстан КСРО спорт шебері, қазақ боксының дамуына зор үлес қосқан белгілі спортшы Нұржан Төлебекұлы Қосмамбетовті еске алуға арналған U17 жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогі салтанатты түрде басталды.

Ауқымды спорттық шараның ашылу рәсіміне спорт ардагерлері, бапкерлер, төрешілер мен жас спортшылар қатысты. Жиында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы жасөспірімдерге сәттілік тіледі. Ол мұндай жарыстардың жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, олардың болашақта үлкен спортта биік белестерді бағындыруына жол ашатынын атап өтті.

Дәстүрлі турнирге еліміздің барлық өңірінен 350-ге жуық жас былғары қолғап шебері жиналып, Қазақстан Кубогінің жүлделері үшін шаршы алаңда бақ сынауда.

Жарыстың басты мақсаты – жас спортшылардың тәжірибесін арттырып, шеберлігін шыңдауға мүмкіндік беру.

Нұржан Қосмамбетов – облыстық, республикалық, одақтық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Өз дәуірінің үздік боксшыларының бірі ретінде танылған спортшы ұлттық бокстың дамуына сүбелі үлес қосып, ел құрметіне бөленген тұлға.

Айта кетейік, Қазақстан Кубогі бірнеше күнге жалғасатын болады.