Биыл халықаралық «ALAN» мектебінің құрылысы аяқталады

45

Қаратау ауданы биыл тағы бір мектеппен толығады. Оқу ордасында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен қала әкімі  танысып қайтты.

Заманауи стандартқа сай салынған мектепте шымкенттік 840 бала білім алатын болады. Үш тілде қатар оқытуды көздейтін «Алан» мектебі, STEAM, TRIZ сынды әлемдік озық бағдарламаларға негізделіп салынуда.

Жоба қолданысқа берілсе, 168 тұрғын жұмыспен қамтылады. Айта кетейік, осы жылы 16 мектептің құрылысы аяқталса, үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке азаятын болады.

Әсел Мәлік