Еңбекші аудандық кірістер басқармасының мәліметі бойынша бүгінде мүлік және көлік салығын төлемеген борышкерлер саны 19 мыңнан асады. Оның ішінде мүлік салығын төлемеген 9 мың азаматтың берешегі 56 млн. теңгеге жеткен. Ал көлік салығына 10 мың азамат 392 млн. теңге қарыз.
2021 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі ағымдағы жылдың 1-ші қазанында аяқталады. Алайда Аманжол Бекенов ертерек қамданып, уақыт тауып міндетті төлемді өтеуге келіпті.
Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасындағылар, шаһарда жауапкершілігі мол азаматтарымыз жеткілікті, алайда, мүлік салығын төлеуден жалтарып жүргендер де жетеді. 9 мың тұрғынның 2020 жыл бойынша 56 млн. теңге берешегі бар дейді. Сонымен қатар 1 сәуірде көлік салығын төлеу мерзімі аяқталғанына қарамастан 10 мың азамат көлік салығын осы күнге дейін төлемей, оның көлемі 392 млн. теңгеге жетті дейді мамандар.
Мамандар, міндетті төлемдерді өтемесеңіздер, банктегі есепшоттарыңыз бұғатталып, көлігіңіз айыппұл тұрағына жеткізіледі. Және шетелге шығуыңыз қиындайтынын ескертеді.
Еске салатын жәйт, 2021 жылға мүлік салығы бойынша төленетін сомалар есептелінген. Ол бойынша толық деректерді маусымда Е салық Азамат қосымшалары арқылы анықтап, міндетті төлемдерді өтеуге мүмкіндіктеріңіз бар.