Шымкентте Белорусь және Ресей аяқ киімдерінің жәрмеңкесі өтеді

72

Сапалы және жайлы аяқ киім іздеп жүрсіз бе? Шымкентте мамырдың 5-і мен 25-і аралығында таза былғарыдан жасалған беларусь және ресейлік аяқ киімдердің жәрмеңкесі өтеді. Ұсынылған аяқ-киімдердің ерекшелігі ортопедиялық негізі және сырғанауға қарсы табаны бар. Сонымен қатар, екі аяқ киім сатып алған тұтынушыға , үшіншісіне 5 пайыздық жеңілдік купоны қарастырылған.

Ұлжан Қамытбекова аяқ киім жәрмеңкесі өтетінін естіген бойда жаңа аяқ киім сатып алу үшін келді. Ол ұзақ уақыт бойы сапалы және жайлы аяқ киім іздеп жүргенін айтады. Жәрмеңкеде тауардың барлық маусымға арналған түрлерінің кең таңдауы ұсынылғаны жақсы болды- дейді ол.

Ұлжан Қамытбекова, Шымкент қаласының тұрғын: «Мына аяқ-киімдер Белорусь және ресейлік екен. Тауарлардың сапасы жақсы, бағасы да қолжетімді. Маған ұнады».

Жәрмеңкеде әркім өзінің талғамына сай ұнаған аяқ киімін сатып ала алады. Таңдау жасауға білікті сатушы- кеңесшілер көмектеседі. Жәрмеңке мамырдың 5-і мен 25-і аралығында сағат таңғы 10:00-ден 19:00-ге дейін үзіліссіз және демалыссыз жұмыс істейді.
Елизавета Климова, менеджер: «Сіздерді Беларусь және Ресей аяқ киімдерінің жәрмеңкесіне шақырамыз. Барлық аяқ киімдер таза былғарыдан жасалған. Әдетте, аяқтардың көптеген аурулары аяқ киімнен. Сондықтан сапалы аяқ киім сатып алу керек. Кең жіліншікті, сүйегі шығып күрделіктері бар аяқтарға арналған аяқ киімдер бар. Сондай-ақ, аяқ киімнің ортопедиялық негізі және сырғанауға қарсы табаны бар. Сапалы аяқ киімді қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар».

Беларусь және ресейлік аяқ киімдерінің жәрмеңкесі «Бейнелеу өнері» мұражайының ғимаратында өтуде.

Мекенжайы: Мәделі Қожа көшесі, 2Б. Халыққа қызмет көрсету орталығының аялдамасы. Жәрмеңкеге №55,№61 автобустармен жетуге болады.

Instagram belorusskay.obyv