Тергеудегі күдікті қашып кеткен абақты қызметкерлері жазаланды

139

Шымкентте күдіктінің уақытша тергеу изоляторынан қашып кеткеніне байланысты мемлекеттік тексеріс жұмыстары аяқталды. Тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодекстің 426 бабы бойынша жүргізілді.

Нәтижесінде жауапты 17 қызметкер қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Сонымен қатар 1 маман ішкі істер органынан жұмыстан босатылды. Айта кетейік, 11 мамыр күні тергеу абақтысынан күдікті қашып кетіп, келесі күні жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде қайта ұсталған болатын.

Әсел Мәлік