Заңсыз ақша жымқырғандар көбейген

31

Заңсыз ақша жымқырғандар былтырға қарағанда 2,3 есе көбейген. Қылмыстық жолмен қаржы не мүлікті иеленгендер мемлекетке 1,2 млрд. теңге, ал халыққа 976 млн. теңге шығын келтірді.

Статистикадағы мәліметтер бойынша , елге келген жалпы шығын 2 млрд. теңгеден асады. Заңсыз ақша ұрлау әсіресе, Алматы қаласы мен елордада көп. Бұған дейін Кірістер комитеті азаматтардың шетелдік ақша аударымына салық бойынша бақылауды күшейткен. Яғни, шетелге орташа есеппен 100 млн теңгеден аса қаржы жіберілген жағдайда тексеру жүргізіледі.

Шынар Оразова