Қосымша құн салығы тексеріссіз қайтарылады

55

Қосымша құн салығы енді тексеріссіз қайтарылады. Елімізге жасырын жолмен Ресейден жеткізілген бидай салық төлеместен үшінші бір мемлекетке экспортталатын. Енді бұған тосқауыл қойылады. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Қайрат Миятов мәлімдеді.

Көлеңкелі бизнестегі олқылықтарды жою үшін былтырдан бастап пилоттық жоба іске қосылды. Нәтижесінде, бидай нарығы қатысушыларына қосымша құн салығын қайтарып беру рәсімі жеңілдеді. Қазір жобаға 20 шақты бизнесмен қатысып отыр.

Барлық экспорттаушы мен қосалқы компания жайындағы ақпарат Палатаның сайтында жарияланады. Ал ғарыштан түсірілген фото бидайды егуден бастап элеваторға жеткізуге дейінгі процесті қадағалауға мүмкіндік береді. Әр шаруашылық қай кәсіпорынның қызметінде олқылықтың бар-жоғын бақылап, өз таңдауын жасай алады.

Шынар Оразова