Азық-түлік бағасы арнайы платформа арқылы бақылануы мүмкін

31

«Азық-түлік бағасын бақылауға арналған жаңа платформа іске қосылады». Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

Сондай-ақ, министр Qdate аналитикалық платформасының не үшін құрылып жатқанын түсіндірді. Айтуынша, ол ішкі сауданың жай-күйіне, инфрақұрылым жүктемесіне, импорт-экспорт динамикасына, тауарлар мен қызметтер бағасының өзгеруіне талдау мен мониторинг жасап, мемлекеттік органдарға сапалы аналитика ұсынады.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі: «Мемлекет басшының тапсырмасы аясында Үкімет жыл аяғына дейін отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерін ірі сауда желілеріне жеткізуді қолдауға бағытталған заңнамалық бастамаларды ұсынбақ. Мысалы, сөрелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету, үстемеақы шегін реттеу және делдалдар санын азайту шаралары пысықталады».

Мөлдір Ибадуллаева