Қазақстанда биыл 10 анимациялық фильм түсіріледі

137

Биыл Қазақстанда «Қазақ Анимация» ұжымы құрылады. Сұранысқа ие жоба аясында 10 анимациялық фильм түсіру жоспарланып отыр .Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Шымкент қаласы тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, Шымкент қаласында анимациялық фильмді әуесқой түрде түсіріп жүрген жандар жетерлік. Жастардың талантын қолдау мақсатында тек фильм түсіріліп қана қоймай, жас аниматорларды мемлекет тарапынан үйретуге арналған үйірмелер ашу да жоспарға қойылған.

«Биыл біз 10 анимациялық фильм түсіреміз жоба көзделген. Одан кейін біз сол қазақ анимациясын біз Қазақстанда анимация түсіремін деген азаматтарға қолдау көрсету аясында біз сіз білесіздер анимация түсіру процесі өте ауыр, өте қиын сондықтан біз қазақ анимация арқылы жас аниматорларды үйретеміз екінші жағынан сондай қолдау көрсетуге дайынбыз мемлекет тарапынан», деді министр.

Гүлдана Дәурен