«Бәйдібек би» анимациялық фильмі жарық көрді

1069

Қазақстандық киноиндустрияның кіші отаны атанған Шымкентте бүгінде көрермен ықыласына бөленген көптеген туындылар түсірілуде. Әсіресе жас ұрпаққа үлгі боларлық тарихи тұлғалар туралы түсірілген фильмдер қатары артып келеді. Күні кеше Бәйдібек би туралы сыр шертетін тың туындының түсірілімі аяқталды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Бәйдібек ауданының 90 жылдығына орай «Бәйдібек би» анимациялық фильмі жарық көрді.

Фильмнің салтанатты тұсаукесері 2018 жылғы 1 маусым күні, сағат 10:00-де Бәйдібек ауданы, Шаян елдімекеніндегі «Тәуелсіздік» алаңында өтеді. Фильмнің режиссері – Нуриддин Паттеев, сценарий авторы – Бақытжан Құлжабай.

Айназ Бейімбет