Түркістанда халықаралық анимациялық фильм фестивалі аяқталды

46

Түркістанда облысында «Алтын Сақа» халықаралық анимациялық фильмдер фестивалі өз мәресіне жетті. Қазақ ұлттық анимациясын халықаралық деңгейге көтеру, Қазақ фольклорының кейіпкерлерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға алыс-жақын шетелден 70-ке жуық анимациялық фильмдер қатысуға ұсыныс білдірді.

Олардың ішінде Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан елдері бар. Жалпы 30 фильм іріктеліп, фестивальге қатысуға жолдама алған еді. Қазылар алқасы шешімімен «Айбынды аула» анимацияық фильмімен «Гран при» режиссері Азамат Ерназаровқа бұйырды.

Ал жүлделі І орынды «Бақашабақ» анимациялық фильмімен режиссер Қуаныш Нағыз бен «Капитан Пенгу» анимациялық фильмімен түрік режиссері Али Қаражамға иеленді.

Жеңімпаздардың құрметіне әннен шашу шашылып, арнайы концерт қойылды. Сондай-ақ фестивальдің өту барысынан күнделік бейнефильм көпшілік назарына ұсынылды.

 Мөлдір Ибадуллаева