Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасына 102 сымтетігі арқылы Табиғатты қорғау полициясының қызметкерінен қоңырау келіп түскен. Онда Шымкент қаласы Тассай мөлтек ауданында заңсыз жер қазылып жатыр деп көрсеткен. Аталған жайт бойынша Қаратау аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері оқиға орнына барып, заңсыз жер қазып жатқан тұлғалардан түсініктеме алды.
Жинақталған іс-құжаттарды “Шымкент қаласы бойынша Экология департаментіне” және “ Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігіне”, “Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасына” заңды баға беру үшін жолдаған.
Өз кезегінде Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарды табиғатты қорғауға шақырады. Сондай-ақ, табиғатқа зиян келтіру жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Егер сіз, табиғатқа қайшы келетін оқиғаларды куәгері болсаңыз, тез арада полицейлердің 102 нөміріне хабарласыңыздар.