«Жұмысқа орналастырып беремін» деп 3 млн. теңгеге жуық ақша алған…

76

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз шағымында, белгісіз азаматтың Атырау қаласында белгілі бір кешенге жұмысқа орналастырып беремін деп 2 926 000 теңге көлеміндегі қаржысын алдап алған. Арада біршама уақыт өтсе де берген уәдесін орындамаған.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша тіркеп, іздестіру амалдарын бастайды.
Күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды жүргізді. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде, қалалық тәртіп сақшылары күдікті ер адамды қала аумағында жасынырып жерген жерінен ұстады.
Қазіргі таңда, ұсталған күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.