Қазақстан Республикасы Президенті К.К Токаевтың 2025 жылға дейін денсаулық сақтауға арналған жалпы шығыстарды ЖІӨ-нің 5%-ға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасының шеңберінде («ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2019 жылғы 19 маусымдағы №27 Жарлығы) дәрігерлердің және орта медицина қызметкерлерінің орташа айлық жалақысын Қазақстан Республикасының экономикасы бойынша орташа айлық жалақыға кезең-кезеңмен ұлғайту қарастырылған.
Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың жалақысын кезең-кезеңімен ұлғайту көзделген.
Осыған байланысты 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің орташа айлық жалақысын 30%-ға және орта медициналық персоналды 20%- ға арттыру үшін 2020 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы және ҚР Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасында жасалған салалық келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге сәйкес 3 жақты шартқа қол қойылды.
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі –ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі-МӘМС) шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі №ҚР ДСМ-10 бұйрығының медициналық қызметтерге тарифтердің мөлшерін арттыру бөлігіндегі енгізулері мен өзгерістеріне сәйкес, қосымша бөлінген қаржы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ медициналық ұйымдармен ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді сатып алуға сәйкес шарттар жасасты.
2020 жылы дәрігерлер орташа айлық жалақы 2019 жылмен салыстырғанда 30% , ал орта буын мамандар орташа айлық жалақы 20% өсті .
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылға Республика бойынша медицина қызметкерлерінің жалақысын арттырудың лауазымдық айлықақыларына түзету коэффициенттерін белгілеу арқылы бірыңғай тәсілдерін ҚР ДСМ әзірледі. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №174 қаулысымен бекітілді.
(1 қаңтардан бастап жоғары медициналық білімі бар біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарға (барлық мамандықтағы дәрігерлер, бөлімше меңгерушілері (А,В2 блогы)
-2021 жылғы 1 қаңтардан бастап-2,02;
-2022 жылғы 1 қаңтардан бастап-2,63;
-2023 жылғы 1 қаңтардан бастап-2,73.
-Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3,В4 блогы)
-2021 жылғы 1 қаңтардан бастап-1,63;
-2022 жылғы 1 қаңтардан бастап-1,95;
-2023 жылғы 1 қаңтардан бастап-2,05.
Қаулыға сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақы орташа есеппен: дәрігерлерге-30% және орташа буын маманға-20%-ға өсті қызметкерге.
Денсаулық сақтау басқармасы мен кәсіподақ ұйымдары арасында жасалған өңірлік салалық келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Медициналық ұйымдар ұжымдық шарттарға, түзету коэффициенттерін белгілеу бөлігінде еңбекақы төлеу туралы ережелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
2022 жылы біліктілігі санатының мерзімі аяқталған дәрігерлердің біліктілік санатын сақтау мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы мен кәсіподақ ұйымдары арасында жасалған өңірлік салалық келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде біліктілік санатына сәйкес жалақы төленуде.
Медициналық ұйымдар ұжымдық шарттарға, түзету коэффициенттерін белгілеу бөлігінде еңбекақы төлеу туралы ережелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Сонымен қатар 2022 жылғы барлық жоғарыда көрсетілген өзгерістерді есепке ала отырып дәрігерлердің орташа айлық жалақысы 2021 жылмен салыстырғанда 30%-ға, орта медициналық қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 22% өсіп отыр.