Қазақстанда отбасының орташа табысы 100-150 мың теңге

164

Елде отбасының орташа табысы 100-150 мың теңге. Инфляциялық болжамға қатысты сауалнама жүргізген Ұлттық банк осындай статистикамен бөлісті.

Сауалнамаға қатысқандардың 34 пайызы негізгі табысы көзі деп мемлекеттік жәрдемақы, зейнетақы мен стипендияны көрсеткен. Ал 9 пайызы алимент және туыстардың көмегімен өмір сүретінін айтқан.

26 пайыз отбасының орташа табысы 150 мың теңгеден аспайды. Ал 24 пайызы 300 мың теңгеге дейін қаражат табады. Қалған адамдар орташа кіріс 40-70 мың теңге екенін жазады. Сауалнамаға қатысқандардың 20 пайызы ғана депозитте ақша жинайтынын айтқан.

Шынар Оразова