Агротехниканы жеңілдікпен алу үшін 113 өтініш түскен

29

Агротехниканы жеңілдікпен алу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 113 өтініш түскен.

Жауапты министрлік енді 9 млрд. 300 млн. теңгеге 93 трактор, 52 комбайн сатып алынатынын хабарлады. Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау 5 тамызда басталған. Жеңілдікпен техника беруге 40 млрд теңге бөлінгенін еске саламыз.

Қаржыға мыңға жуық шаруа агротехника сатып алады деп жоспарланып отыр. Лизинг мерзімі 10 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесі жылына 6%, бастапқы жарнасыз, қарызды қайтару бойынша 1 жылға дейін жеңілдік беріледі.

Шынар Оразова