Достық шағынауданына табиғи газ берілді

101

Шаһардың іргесіндегі «Достық» шағынауданының халқы енді газдан тапшылық көрмейді. Көгілдір отынның шапағатын алғашқылардың қатарында құжаттары дайын тұрғындар көретін болды.

Айта кететін жәйт, абоненттердің саны 2625. Достықтағы ағайынның қуанышымен қала басшысы Мұрат Әйтенов бөлісіп қайтты.

Достық шағынауданының тұрғындары газдандыруды көптен күткен болатын. Аз қамтылған, көпбалалы отбасылары басым елдімекенде 2 686 үйде 15 мыңнан астам тұрғын күн кешуде. Газ жүйесіне қосылғандар алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Көп жылдары пеш жағып қиналған едік, барлығы артта қалды дейді.

Баян Иманова, Достық шағынауданының тұрғыны: «Газ лапылдап міне жанып тұр. Бұрын әбден қиналатын едік. Газ баллон сатып алып, пеш жағатын.. Енді, міне өздеріңіз көріп тұрғандай бізді табиғи газға қосты. Барлығына рахмет ауыл қала әкімдеріне. Қуанышымда шек жоқ».

Шағынауданға газ жүйесін «ГШ Шымкентгаз» серіктестігі тартты. Мердігер мекеме бюджеттен бөлінген 957, 838 млн теңгені толық игеріп, жұмысты кестеге сәйкес мерзімінде аяқтады.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Былтыр желлтоқсан айында 46,06 шақырымға газ жүйесі тартылған болатын. Көгілдір отынмен қамтуда АГРС-3 нысанының іске қосылуын күттік. Енді міне, көптен күткен жұмыс толық аяқталып, сіздерге газ беріліп жатыр. Құжаттары дайын үйлерге газ қосылды. Енді қалғандарыңыз да күз басталмай құжаттарыңызды әзірлеп үлгеріңіздер».

3- Автоматтандырылған газ тарату стансасының іске қосылуы «Достық» шағын ауданынан бөлек, Асар -2 елді мекенін газдандыруға мүмкінді берді. Қаланың даму жоспарына сәйкес, Қайнарбұлақ тұрғын алабы тұрғындарының да көгілдір отынға қол жеткізу күні алыс емес дейді биліктегілер.

Шынар Оразова