Көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

77

2022 жылғы 1 тамыз күні сағат 16:55-те Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданына қарасты Ә.Молдағулова көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің бір пәтерінен өрт шықты.

Көлемі 23 ш.м. болатын жатын бөлмеде үй заттары, жиһаз, көрпе-төсек және құжаттары толығымен жанып кеткен. Өрт сағат 17:21-де оқшауланып, сағат 17:46-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Оқиға орнынан 10 адам қауіпсіз жерге көшерілді, 7 адам құтқарылған, оның ішінде 2 бала. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге 3 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 11 адам, Апаттар медицинасы орталығы филиалының кызметкерлері жұмылдырылды.