Шымкентте алманың ерекше сұрыптары өсіріледі

39

Үшінші мегаполистегі Алтын төбе елдімекенінде «Керемет Сапа» шаруашылығы 15 гектар аумақта алма өсіруде.

Шаруашылықта жемістің голден, пинк леди, гренни смит, фуджи секілді ерекше сұрыптары отырғызылған. Өнімдер ішкі нарыққа, яғни қаладағы сауда нүктелерінде жіберіледі.

Мекеме мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау тауып, өткен жылы техникалары мен құрал-жабдықтарын жаңартқан.

Сондай-ақ, 2022-2023 жылдар аралығында жылына 10 млн. банка шығаратын жеміс-көкөністі қайта өңдеу цехын және 2 000 тоннаға дейін жеміс-көкөністі сақтайтын қойма салуды жоспарлап отыр. 1,5 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба іске асқанда 15 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Мөлдір Ибадуллаева