Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев қызметінен кетуге өтініш берді

59

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қызметінен кетуге өтініш берді. Бұған дейін Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласының экс-әкімі Дәурен Махажанов аса ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылса, қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

Кеншілер қаласының бұрынғы басшысы 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Шөкеев 24 тамызда әкім қызметінен кету туралы өтініш жазды, оны ел президенті қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін.

Өмірзақ Шөкеев облысты 2019 жылдың ақпан айынан бері басқарып келеді.