6,5 млн. теңге айыппұлы бар автокөлік анықталды

51

Түркістан облысында 6,5 миллион теңге айыппұлы бар автокөлік ұсталды. Көлік иесі “Қорғау» бағдарламасы аясында бейнебақылау камераларының көмегімен анықталды.

Рейд барысында берешегі мен әкімшілік айыппұл төлеуден жалтарған 20-дан астам автокөлік белгілі болды. Соның бірі Шымкент қаласының жеке сот орындаушысынан «Тойота Камри» маркалы автокөлікті анықтау туралы Жедел басқару орталығына сұраныс түскен. Жедел іске кірісу нәтижесінде Түркістан қаласындағы көшелердің бірінен күмәнді автокөлік анықталып, тоқтатылды. Қазір айыппұлдан жалтарған борышкердің көлігі айыптұрағына қойылған.

Сәбит Бахтығалиев, ТО ПД-нің жедел басқару орталығының басшысы:
«Жеке қаулыда көрсетілген автокөлікті анықтау бойынша арнайы шара ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде Түркістан қаласы Б. Саттарханов даңғылы бойында «Тойота Камри» автокөлігі кетіп бара жатқаны анықталды. Патрульдік полиция қызметкеріне бағыт-бағдар берілді. Соның нәтижесінде Байғұт көшесінде аталған автокөлік тоқтатылып, 6,5 миллион теңге қарызын төлемегені үшін автотұраққа жеткізілді»