Úı ANONS Айыппұлды автоматты жүйе жолдайды

Айыппұлды автоматты жүйе жолдайды

Қала көшелерінде жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерді анықтау жұмыстары күшейтілді. Енді арнайы бейнебақылау камералары көлік тізгінінде телефон қолданған және қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілерді автоматты түрде тіркейді. Шымкентте қанша бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр? Қанша адам құқықбұзушылыққа жол берді.

 

Көлікте отырып, қауіпсіздік белдігін тақпай, қолыңыздан телефон түспесе айыппұл арқайлайсыз. Шымкентте бұған дейін тестілік режимде жұмыс істеген камералар енді айыппұлды автоматты түрде жолдайды. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, мұндай жүйе жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Себебі рөлде отырып телефон қолдану жолдағы ең қауіпті әрекеттердің бірі екен.

БАХЫТКЕЛДІ АБДРАМАНОВ, ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Ағымдағы жылдың 12 наурызына бастап, Республика көлемінде жол қозғалысын бақылайтын камералар жол құқықбұзушылқтарын тіркей бастады. Атап айтқанда қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік құралын басқару кезінде телефон қолдану деректі бақылауға алынды. Шымкент қаласында жүйе іске қосылғалы бері, 5 мыңға жуық құқықбұзушлыық тіркелді».

 

Заманауи камералар жол бойындағы қозғалысты тәулік бойы бақылайды. Ал, қала тұрғындарының бірі бұл бейнебақылау камерасы халық үшін тиімді десе , енді бірі айыппұл салудың тағы бір жолы деп біледі.

«Менің ойымша өте дұрыс шешім қабылдады. Көбісі ременьді өтірік тағып қояды. Ол өзіңнің қауіпсіздігің. Сондықтан дұрыс деп ойлаймын».

«Негізі дұрыс емес. Штрафстан болып кеттік өой. Қаз жүре алмай қалдық қой. Өзіміздің Қазақстанда тығылып жүретін болдық қой. Орнымен қою керек деп ойлаймын. Таксовка істейміз телефон керек қой. Оның өзінде қорқып отырамыз».

 

«Дұрыс сияқты. Тәртпке шақыру, тек қана осымен шақырады. Қалған барлығын мойындамай жатырмыз ғой. Зато барлығымыз заң бұзбаймыз. Басқа маневр істемейміз».

«Ереже сақтау барлығымызға заңдылық. Сондықтан заңға бағыну керек. Ережеге мұқият болсақ, ешқандай щтраф келмейді».

 

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жолда мұқият болуға шақырады. Айтуларынша, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау адам өмірін сақтап қалуы мүмкін. Мамандардың сөзінше, бейнебақылау жүйесінің басты мақсаты айыппұл салу емес, жолдағы қауіпсіздікті күшейту. Сондықтан жүргізушілерге рөлде телефон қолданбай, қауіпсіздік белдігін тағу ескертіледі. Айта кетейік, әзірге қала бойынша 100 — ге жуық бейнебақылау камерасы автоматты түрде құқықбұзушылықты тіркеп, айыппұл салады.

Нұргүл Жолымбетова