Ақшасын депозитте ұлттық валютамен жинағандарға сыйақы бар

41

Депозитте ақшасын ұлттық валютамен жинаған азаматтардың келер жылы наурызда 10% сыйақы алуға мүмкіндігі бар. Елдегі банктер теңгемен жиналған депозит иелерінен өтінім қабылдауды бастады.

Салымшылар банк бөлімшесіне бармай-ақ онлайн өтініш бере алады. Ол үшін биыл ақпаннан бастап келер жылға дейін депозитте жинаған қаржыңыз есептеледі. Мұндай өтемақы бір рет ғана беріледі. Сомасы 2 млн теңгеден аспайды. Оған салық салынбайды.