Шымкенттік дәрігерлер оқушыларды мектеп алды тегін профилактикалық тексеруге шақырады. 2 қыркүйек күні “Асар” шағын ауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасында Ашық есік күні өтеді.
Бұл күні таңы сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін стоматолог, онкогематолог, педиатр, уролог, нефролог, кардиолог, травматолог дәрігерлерінен кеңес алуға болады. Қабылдауға келу үшін арнайы жолдаманың қажеті жоқ.
Айта кетейік, қабылдау аурухананың «Б» корпусындағы сәулелі диагностикалық орталығында жүргізіледі.