Биыл әлеуметтік осал топтағы 75 мың бала колледжде оқуға грант алды

81

2022 жылы әлеуметтік осал санаттағы 75 мың бала колледжде оқуға грант алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 мыңға жоғары. Оқуға түскендердің 1101-і — ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер. Биыл жалпы саны 125 мың грант бөлінген. Бұл — рекордтық көрсеткіш.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жоспары бойынша 2025 жылға дейін сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім берумен 100% қамтылады.

Жалпы 2022 жылы қазақстандық колледждерге барлығы 183 мың қазақстандық оқуға түскен. Ал оқушылар көбінесе — құрылыс, білім беру, туризм, қонақ үй бизнесі салаларын таңдаған.

Алтай Рахимберлин, ҚР Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаментінің басқарма басшысы: «Биыл тегін оқығысы келетіндер үшін квоталардың тізімі кеңейтілді. Көпбалалы отбасы балалары үшін 5% квота, толық емес отбасы балалары үшін 1% ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы балалары үшін 1% квота қосылды. Соның арқасында жаңа оқу жылында квота санатына 75 мың талапкер түссе, оның 1 101-і ерекше білім беруді қажет ететін балалар».