Еңбекші ауданында газдан уланудың алдын алу жолдары түсіндірілді

Газдан уланудың алдын алу үшін үйге газ дабылын орнатқан дұрыс! Бұл туралы қала тұрғындары тарапынан көтерілген өзекті мәселелердің бірі болатын. Жылыту маусымының басталуына 1 айдан аз уақыт қалды. Сол себепті мамандар тұрғындарға газ қауіпсіздігі жайында үндеу қағазын таратып, баспаналардағы газ талдау құрылғыларының жұмысын бақылады. Еңбекші ауданында да төтенше жағдайлар басқармасы мен қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы бірлесіп тұрғындарға түсіндірме жұмысын жүргізіп жатыр. 

Газдан уланудың алдын алу үшін үйге газ дабылын орнатқан дұрыс! Бүгінгі таңда Еңбекші ауданында шамамен 150-ге жуық әлеуметтік аз қамтылған отбасыға улы газдың алдын алатын газ талдаушы құрал орнатылған. Бұл қатерлі жағдайдың алдын алуға үлкен септігін тигізеді дейді мамандар. Ал дабылды кез келген адам өз қаражатына орната алады.

Асқар Шәріп, Еңбекші аудандық ТЖ басқармасының инженері: «Қазір тұрғындардың арасында үйді жылыту мақсатында бізде көптеген қосымша жылытқыш құрылғыларды пайдаланады. Ол өте жоғары электр қуатын талап еткендіктен, от шығу қаупі жоғары. Осындай қайғылы оқиғалардың алдын-алу мақсатында біздің қызметкерлердің тарапынан осындай рейдтік іс-шаралар ұйымдастырлып отырады. Кейбір жер үйлер газбен қамтамасыз етілмеген. Сол себепті Иран пештерін қолданады. Оның выдержкалары дұрыс тазаланбайды. Одан бөлінген көмірқызшықыл газы түнгі болсын, күндізгі уақыт болсын ол үдің ішіне таралуы мүмкін».

Шымкентте жылыту қазандықтарының іске қосылуына 1 айдан аз уақыт қалды. Осыған орай Еңбекші ауданында көпқабатты үй тұрғындарына түсіндіру жұмыстары басталды. Мамандардың сөзінше, кей тұрғындардың үйінде болмауы, үгіт-насихат жұмысына кедергі келтіреді. Алайда, бұл бағыттағы жұмыс үздіксіз жүріп отырады.

Асылжан Жанаев, Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының бөлім басшысы: «Газ және газбен жабдықтау» заңында көрсетілген әрбір тұтынушы өзінің газ жабдығының иесі техникалық қауіпсіз күйде болуына міндеттелген. Және үйішілік қызмет көрсету мекемелерімен келісім шартқа міндетті түрде тұруға міндеттелген. Айта кететін зат, Шымкент қаласында 13 мекеме қызмет көрсетеді».

Түсіндірме жұмысы бұған дейін Қаратау, Әл-Фараби аудандарында жүргізілген. Мамандар іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың газбен жұмыс істеуде сауаттылығын арттырып, жауапкершілігін күшейту екенін айтады.