Шымкентте пештегі ақаудан бір әйел көз жұмып, үш адам зардап шекті

334

Шымкентте жеке тұрғын үйде газдан уланып, бір әйел көз жұмды. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға кеше, 27 ақпанда Игілік шағынауданында болған.

Алдын ала болжам бойынша газбен жылыту пешінде ақау шыққан. ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына жеке құрамнан 2 адам және 1 техника, «Интергаз» АҚ 3 адам және 1 техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендердің жағдайлары туралы әзірге ақпарат жоқ.