Президенттікке үміткердің мемлекеттік тілді меңгергендігін анықтайтын комиссия құрылды

17

Президенттікке кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтайтын комиссия құрылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылып, қаулы қабылданды.

Президенттікке кандидаттың қазақ тілін еркін меңгергенін анықтау — 5 маманнан құралған лингвистикалық комиссияның қорытындысымен шешіледі. Комиссия құрамында тіл мамандары, филологтар мен зиялы қауым өкілдері бар. Үміткердің мемлекеттік тілді меңгергенін анықтау үшін арнайы тапсырмалар беріледі.