Құлттанып қалған үйден жас бала құтқарылды

45

Шымкент қаласы Мангелдин көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің пәтер егесі 112 Құтқару қызметіне хабарласып көмек сұраған. Хабарласқан азаматша үйіне кіре алмай жатқаны және ішінде жас бала барын айтты.

Жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесінің құтқарушылары
мекенжай бойынша барып, сатының көмегімен үшінші қабаттағы пәтерге терезеден ішке кірген. Пәтердің есігін іштен ашып беріп, тоғыз жасар бала аман-сау екенін анықтап, туыстарына тапсырды.
Жыл басынан бері құтқарушылар есік ашуға 200_ге жуық шығу жасап, 150_ден аса адамды құтқарды, оның ішінде 90_нан аса жас бала.