«Самұрық-Қазына» компаниялардағы үлесін аязайтып, жекешелендіруді аяқтамақ

44

2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» компаниялардағы үлесін азайтып, жекешелендіруді аяқтамақ. Басқарма төрағасының айтуынша «ҚазМұнайГаз», AirAstana, QazaqGaz және «Қазақстан темір жолы» компаниялары IPO-ға, KEGOC компаниясының SPO-cын өткізу жоспарланып отыр.

Соның ішінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы IPO-сын өткізу үшін белсенді түрде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның акцияларын жергілікті Қазақстан Қор Биржасы және Астана халықаралық биржасында сату жоспарланған. AirAstana да ІРО өткізуге дайын. Сауда басталуы үшін халықаралық нарықтардың қалпына келуін күту керек.

Алмасадам Сәтқәлиев, «Самұрық – қазына» АҚ басқарма төрағасы: «Самұрұқ-Энерго» компаниясы екі кәсіпорынға бөлінеді. Бірінші компанияға барлық көмір активі беріледі. Екінші компания SamrukGreenCo деп аталады. Оған барлық жасыл актив беріледі: СЭС және ЖЭК объектілері. Ол 2023-2024 жылдары IPO-ға шығарылады. Алайда қор стратегиялық активтерді бақылау пакеттері сақтайды».