Қазақстан Ресейдің Еуразия даму банкіндегі Ресейдің үлесін сатып алуы мүмкін

21

 Қазақстан Ресейдің Еуразия даму банкіндегі Ресейдің үлесін сатып алуы мүмкін. Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

«Мұндай риторика бар, оны жоққа шығармаймыз. Бұл мәселе шынымен жұмыс тәртібінде талқыланып жатыр. Бірақ ақырғы шешім әлі қабылданған жоқ. Өйткені бұл қанша үлес ұсынылатынына және басқа елдер сатып алуға дайын ба, жоқ па, соған байланысты», – деді Жамаубаев.
Министр ЕДБ тұрақты жұмыс істеп тұрғанын, санкциялар банкке қатты әсер етпегенін атап өтті. Бұған дейін шетелдік БАҚ Қазақстан санкцияларға байланысты Ресейдің Еуразия даму банкіндегі үлесін сатып алу мәселесін қарастырып жатқанын хабарлаған болатын. Айта кетері, ЕДБ 2006 жылы қаңтарда қол қойылған мемлекетаралық келісім негізінде құрылды. Қазақстан мен Ресей – банктің құрылтайшылары және ірі акционерлері.