Шымкентте аса ірі көлемде марихуана сақтаған азамат сотталды

43

Шымкентте «Алаш» базары аумағында 1 келіге жуық есірткі заттарын сақтаған жергілікті тұрғын құрықталды. Мекенжайы бойынша қосымша тексеру барысында күдіктінің үйінен қосымша аса ірі көлемде бірнеше есірткі заттары тәркіленіп алынды.

Cараптама нәтижесімен айыпталушыдан тәркіленген есірткі заты «кептірілген марихуана» екендігі белгілі болды. Ал үйінен шыққан заттар ішінде 14 кг 822 грамм «кептірілген марихуана», 466 грамм «гашиш», 20 грамм «тетрагидроканнабинол» және 4 кг 112 грамм есірткі тестес заттар табылды.

Абай аудандық сотының үкімімен ол Қылмыстық Кодекстің 296-бабының 4-бөлігімен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.