Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен 8 қылмыс ашылды

15

2022 жылғы 12-18-қыркүйек аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 6466 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 2850 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 10 қылмыс ашылған.
Оның ішінде: ұрлық – 4, адам өлтіру – 1, басқа да – 1.
Бейнебақылаулар заң бұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді.
Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1168 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 154, жол ережесін бұзған – 873, одан басқа да 141 жайт анықталды.