“Шымкент Сити” аймағынан халықаралық стандартқа сай конгресс-хол салынып жатыр. Нысанның жер көлемі 5 га болса, ал құрылыс ауданы – 16 166 м2 құрайды.
Ғимарат 3 қабат, 5 блоктан тұрады. 2066 орынға лайықталған көрермен залы, 190 орындық конференц залы, 80 орындық салтанат залы бар. Сонымен қатар, 40 орындық пресс кабинет, асхана және жер асты көлік тұрағы қарастылырған. Конгресс-холлда жергілікті және Республикалық маңызы бар қоғамдық іс- шаралар мен конференциялар өткізу жоспарланған. Өткен жылы құрылыс жұмыстаоы басталған нысан келер жылы ел игілігіне беріледі.