Шымкентте конгресс холл мен оқушылар сарайының құрылысы қарқын алды

271

Республикалық маңызы бар қалалар қатарындағы Шымкентте конгресс холлмен Оқушылар сарайының құрылысы жүргізілуде.

Тапсырыс беруші қалалық құрылыс басқармасы БАҚ өкілдеріне арнайы пресс-тур ұйымдастырып, әлеуметтік нысандарда жүріп жатқан жұмыстарымен таныстырды.

Бірінші нысан – Шымкент сити ауданында орналасқан конгресс холл. Жер қазу жұмыстары былтыр тамызда бастауын алған нысанда ғимараттың іргетасы қалануда.Құрылысқа 80 жұмысшы, 7 арнайы техника жұмылдырылған.

Олжас  Тасыбаев, құрылыс компаниясының учаске бастығы: «Жақын арада 1 ,5 айда біз ғимараттың бірінші қабатының құрылысын жүргіземіз. Темір арқауларды орнату жұмыстары басталады. Былтыр біз құрылыс жұмыстарына бөлінген 1 млрд теңгені толық игердік. Ағымдағы жылы 6 млрд теңгені игеруді жоспарлаудамыз. Құрылысты 2023 жылы тамызда тапсырысқа беруді көздеп отырмыз».

2 мың орынға шақталған көрермен залы, заманауи салтанат және конференц залы қарастырылған конгресс холл Шымкенттегі ең ірі нысандардың бірі болып саналады. Мәдениет министрлігі тарапынан қолдау тапқан ауқымды құрылыс республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

Екінші нысан, 500 балаға шақталған Оқушылар сарайы. халықаралық талаптарға сай әлеуметтік нысан 1 млн-нан астам халқы бар Шымкентке аса қажет дейді әкімдіктегілер. Оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді өткізуге арналған 3 қабатты ғимаратта екі бассейін, күрес залы, жекпе-жек залы, үстел ойындары, интерактвиті кітапхана, 3 Д модельдеу. жалпы балалардың ой өрісін дамытуға арналған түрлі үйірмелер қарастырылған. Жобаның құны 8,3 млрд теңге.
Әбілсейіт Рабаев, қалалық құрылыс басқармасының басшысы: «Оқушылар сарайындағы 5 блок: спорттық сауықтыру, көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және музыкалық білім  блоктары  замануи жабдықтармен жабдықталады.  Бұл балаларды жастайынан қандай мамандыққа бейімді екені ескеріліп болашақ мамандықтарын таңдауға мүмкіндік береді».

Құрылыс компаниясы әкімшілік іскерлік орталығындағы Оқушылар сарайын пайдалануға келер жылы тапсыруды жоспарлауда. Болашақта Тұран шағынауданында 300 балаға шақталған Оқушылар сарайын салу да жоспарда. Қазіргі таңда әлеуметтік нысанның жобалық сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Шынар Оразова