Абай ауданы Солтүстік саяжай елдімекенін сапалы электр қуатымен қамту толығымен аяқталды. Қазіргі таңда тұрғын үйлерді абоненттеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс барысында жалпы саны 4 773 электр бағанасы мен 70 трансформатор орнатылып, 145 шақырым электр желілері тартылды. Нәтижесінде елдімекендегі 5 784 абонент сапалы электр қуатымен қамтылмақ.
Айта кетейік, биыл 6 елдімекенде сапалы электрмен қамту жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Жыл соңына дейін Достық, Тұран, Нұртас, Сәуле, Жаңаталап елдімекендерінде құрылыс жұмысы аяқталып, 22 мыңға жуық халық сапалы электрмен қамтылуға мүмкіндік алады деп жоспарланып отыр.