Түркістан облысында 90 тонна шөп өртеніп кетті

20

Түркістан облысындағы шаруа қожалығықтарының бірінде өрт шықты. Екі ауыл шаруашылығы қожалығының ғимараты бес сағатқа жуық өртенген. Қызыл жалын 37 миллион теңгенің шөп қорын күлге айналдырды. Зардап шеккен фермелар өртті қасақана қоюы мүмкін деп деп есептейді. Бұл нұсқаны өрт сөндірушілер де жоққа шығармайды

Түркістан облысында ірі өрт оқиғасы орыналды. Қыркүйектің 17-нен 18-іне қараған түні Түлкібас ауданы, Тастұмсық ауылында екі шаруа қожалығының ғимаратын өрт шарпыған. Мұнда өрт салдарынан 37 миллион теңге тұратын 90 тоннаға жуық шөп жанып кетті. Абырой болғанда қызыл жалын үй жануарларын ұстайтан ғимараттарға жетіп үлгермеген. Зардап шеккен ферма иелері өрт қасақана жасалған деп есептейді.

Зардап шегуші: «Бүгін, 18 қыркүйек, таңғы сағат 3-4-те менің фермам да, көршімніңкі де өртенді. Екі ферма мүлде екі жақта өртеніп жатыр. Біз біреулер ғимараттарды әдейі өртеп жіберген деп ойлаймыз. Өрт сөндірушілер сөндіріп, келіп үлгермей жатыр, жарты сағат өтті, әлі құтқарушылар жоқ».

Мамандар түн ортасында тұтанған өртті тек таңғы сағат 8-дер шамасында ғана сөндіре алған. Жалынды сөндіруге 23 өрт сөндіруші, 4 техника және үш полиция қызметкері жұмылдырылды. Айта кетейік, жауапты мамандар өрттің қасақан қойылғанынын жоққа шығармайды.

Арман Сапарбеков, Түлкібас ауданы ТЖБ өрт сөндіру бөлімінің бастығы: «18 қыркүйекте түнгі сағат 03:10 минутта Түлкібас ауданындағы №2 мамандандырылған ӨСБ-не Тастұмсық ауылында қора жанып жатыр деген қоңырау түсті. 9 адамнан тұратын жеке құрам оқиға орнына 03:29 минутта жеткен. 2 қораның жанып жатқаны анықталды. біреуі жер көлемі 400 ш.м. құраса, екіншісі 540 шаршы метр аумақтф алдып жатыр Өрт 05:08-де оқшауланды»

Түркістан облысының полиция департаменті қазіргі таңда тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Іс бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бабы бойынша тіркелген.

Гүлнар Әбдужаппарова, Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы: «Түлкібас аудандағы ауылдардың біріне жақын жерде орналасқан шаруашылықта өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Тексеру барысында 18 қыркүйек күні таңғы сағат үштің шамасында белгісіз жағдайда жергілікті тұрғындардың шаруа қожалығында өрт шығып, шөп қоры сақталған екі қора жанып кеткені анықталды. Оқиға орнына Түлкібас АПБ-нің 10-нан астам қызметкері, өрт сөндірушілер мен прокуратура өкілдері келді. Қазіргі уақытта Түлкібас аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр».

ТЖБ мәліметіне сәйкес оқиға барысында зардап шеккендер болған жоқ.