Түркістанда травматология және ортопедия саласын дамытуға арналған «Заманауи травматология және ортопедия көкжиектері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп жатыр.
Іс-шараға әлемнің 15 елінің жетекші клиникаларынан делегаттар келді. Атап айтқанда, Ұлыбритания, Түркия, Швейцария, Германия, Қытай, Грекия елдерінің ғалым-докторлары қатысып жатыр.
Конференцияның екінші күні іс-шара аясында «Батпенов оқулары» өтеді. Онда 40 жастан аспаған тұлғалар, яғни, медициналық ЖОО студенттері, интерндер, резиденттер, ғылыми қызметкерлер баяндама жасайды. Ал жүлде қоры 1000 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражатты құрайды.