Түркістанда дүниежүзі психиатрларының конференциясы өтіп жатыр

Түркістанда «Психикалық денсаулық. Заманымыздың жаңа сын-қатерлері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды. Үш күнге жалғасатын жиында психикалық денсаулық, оны сақтау және қалпына келтіру, тәуелділік, психологиялық көмек және басқа да мәселелер талқыланады.

Халықаралық іс-шараға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдігі, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы, Дүниежүзілік психиатрлар қауымдастығы, Әзірбайжан, Беларусь, Түркия, елдерінің психикалық денсаулық қызметінің өкілдері қатысып жатыр.

Конференцияның алғашқы күні атаулы дерт түрінің таралу себебі талқыланып, тақырып аясындағы баяндамалар оқылды. Айта кетейік, жиын 30 қыркүйекке дейін жалғасады.