Түркістанда волейболдан V-ші республикалық ашық біріншілік өтті

50

Түркістан қаласында волейболдан V-ші Республикалық ашық біріншілік өтті. Жарысқа ересектер арасында 12 команда қатысты.

Атап айтқанда: Тараз, Шымкент, Арыс, Түркістан қаласы мен Жетісай, Түлкібас, Ордабасы ауданының командалары бақ сынады. Сайыс спортшы әрі мемлекеттік қызметкер Исабеков Нарбек Ануарбекұлын еске алуға арналды.

Жарыстың нәтижесі бойынша Ордабасы ауданы 1 түғырдан көрінсе, Шымкент қаласы 2 орынға ие болды. Ал үшінші орынды Жамбыл облысының командасы қанжығасына байлады.