Ұн бағасы бір жылда 42 пайызға, бір айда 4 пайызға қымбаттады

23
фото Информ.кз

Елімізде ұн бір жылда 42, ал бір айда 4 пайызға қымбаттады. Energyprom зерттеу орталығының мәліметінше бұл 2011 жылдан бері ең жоғары өсім.

Баға әсіресе Павлодар, Жетісу және Батыс Қазақстан облыстарында көтерілген. Құнның аспандауына экспорттың 24 процентке артуы себеп. Өйткені қазір өнімнің бағасы әлем бойынша қымбаттаған. Сол үшін еліміздің өндірушілері ұнды шетелдерде қымбатырақ сатып жатыр.

Бұл ішкі нарықтағы сұранысты арттырып, бағаның көтерілуіне түрткі болды.