Ашық есік күнінде дәрігерлер 200-ге жуық тұрғынға кеңес берді

36

Шымкентте Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне орай ашық есік күні өтті. Шара номері 2 қалалық ауруханасында ұйымдастырылды.

Онда келушілерге кардиолог, невропатолог, нейрохирург, психолог және кардиоревмотолог б дәрігерлер қызмет көрсетті. Ашық есік күнінде 200-ге тарта адам ақ халаттылар қабылдауына жазылған. Атап айтқанда нейрохирургке –19, кардиологқа –47, психологқа –18, невропатологқа –48, ЖТД дәрігеріне – 23, кардиоревматологқа – 30 тұрғын қаралды.

Жергілікті білікті дәрігерлер денсаулығы сыр берген жандарға кеңес беріп, сырқатынан айығу жолдарын түсіндірді.