Бас прокуратура дизель отынының қымбаттауын түсіндірді

30

Күздің басында дизель отынының қымбаттауына мұнай таратушылардың айла-шарғысы әсер еткен. Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Бас прокурор Берік Асылов ұсақ жеткізіп берушілер жағдайды пайдаланып, көтерме бағаны өсіріп жіберген дейді.

Нарықта небәрі 25 пайыз үлесі бар олардың қызметі монополияға қарсы заңнамамен реттелмейді. Осының кесірінен бір литр дизельдің бағасы өңірлерде 230-260, тіпті 450-500 теңгеге дейін жеткен.

Тапшылық өршіп тұрғанда 633 жанармай құю стансасы баға теңсіздігінің басылғанын күтіп, қолда бар отынды сатпаған. Осы жағдайға байланысты 17 адам әкімшілік жауапқа тартылды.