Бұқаралық спортты дамыту мақсатында қаламызда «Шымкент жастар лигасы» жобасының үшінші кезеңі басталды. Жарыс барысында шымкенттік оқушылар спорттың түрінен сынға түседі.
Қыздар арасында ұйымдастырылған сайыс №135 жалпы орта білім беретін мектептің спорт залында өтті. Онда №108, 68, 114, 80 мектеп оқушылары өзара бақ сынады.
Сайыс нәтижесінде 108 мектептің қыздары жеңімпаз атанып, келесі ойынға жолдама алды. Айта кетейік, бұл жобаға 138 мектептен 514 команда, 5926 оқушы қатысады.