Экономиканы әртараптандыру керек

4
ТМД-дағы және шет елдер Рахат өніміне деген қызығушылыққа байланысты келешекте компания өндіріс көлемін арттыруды жоспарлап отыр.

Шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру қажет. Әлемдік геосаяси дағдарыс жағдайында Қазақстанның экономикалық қайта жаңғыруы маңызды. Бұл туралы Алматыда өткен халықаралық форумда айтылды.

Мамандардың айтуынша, кіші және орта бизнестің дамуына серпін беріп, мемлекет ішкі сұранысты өзі өтеуі қажет. Яғни, өзімізге қажетті тауарларды елде өндіруге көңіл бөлу керек. Бірінші кезекте, азық-түлік, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс жоғары. Бұл ретте, тек мұнай өндірісіне сену – үлкен қателік, дейді экономистер.

Әзімхан Сатыбалдин, Экономика институтының бас директоры: «Бір жыл бұрын газдың бағасы 400 доллар болса, қазір бағасы 4-5 есе көбейіп кетті. Газопроводты бермей отыр деп, арзан сата берсек не болады? Бәрі қолда тұрған нәрсе, саясатқа келіп тіреледі. Бұрын айтатын, экономика бәрін анықтайды, содан кейін саясат мәселенің үстіне құрылады деп. Ал бүгін бәрін саясат шешіп отыр. Оны да түсінуіміз керек. Бұл жағдайды жөндеу үшін бізге батылдық керек».